ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО филиалының мәліметі бойынша 2017 жылғы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Орал қаласында 5 мамырда солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз