Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатымен танысты

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҚО-ға жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатында болды.


«Болашақ-Т» ЖШС жұмысшыларымен бейресми әңгімелескен Елбасы бұдан соң жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін құрастырмалы жүйе және темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты.

Кездесу барысында құрылысшылар атынан сөз алған «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС директоры Валентина Михно Қазақстанда бизнестің дамуы үшін барлық жағдайдың жасалғанын, ендігі міндет кәсіпкерлердің өз ісін әрі қарай дамыта білулерінде екендігін жеткізді.

«Бүгінде біз, Орал өңірінің құрылысшылары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жемісті еңбек етудеміз. Жол және тұрғын үйлер салып, көрікті қаламыздың инфрақұрылымын дамытудамыз. Мен өз жұмысымда отандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдап, барынша жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланамын. Қырық жылдай уақыттан бері біздің кәсіпорын 100 мыңдаған шаршы метр баспана, оншақты мектеп, балабақша, ауруханалар тұрғызып, ел игілігіне берді», деді В.Михно.

Айта кетейік, «Болашақ-Т» ЖШС республикада алғашқы болып үй құрылысы комбинатын салды. Бұл жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құраса, соның 500 млн. теңгесі – кәсіпорынның өз қаражаты.

Президенттің БҚО-ға жұмыс сапары жалғасуда.

Елжан Ералы

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз