Елімізде инфляция деңгейі өсуі мүмкін

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы осындай болжамын айтты.

Қазан айында жанармай, көмір мен көкөніс біршама қымбаттағаны белгілі. Данияр Ақышев жоғарыдағы жорамалын сол бағаның өсуімен байланыстырады. Жалпы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде инфляция деңгейі 4,2% болған. Қазан айының қорытындысы әлі шығарылған жоқ.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Тауарлар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тең емес. Сондықтан осы айда инфляцияның өсу қаупі бар. Жылдың соңына дейін инфляция нысаналы 6-8 пайыз дәліз ішінде сақталады деп болжап отырмыз.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз