«ЭЙР АСТАНА» ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

«Эйр Астана» әуе компаниясы соңғы жылдары кадр тапшылығы мәселесін жергілікті жастарды оқыту арқылы шешуді жоспарлап отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен әуе компания басшылары жастарды ұшқыш болуға шақыратын «Арманыңды іске асыр» науқанын бастағанын жариялады.

«2016-2017 жылдары үздік жұмыс берушісі» атанған «Эйр Астана» әуе компаниясы бүгінде қарқынды дамуда. «Эйр Астана» – халықаралық және ішкі бағыт­тар бойынша 65 рейстерді орындай-т­ын отандық ірі әуе компаниясы. Қазіргі кезде әуе компаниясындағы қызметкер­лердің саны 5000 адамды құрайды, ал авиалайнер паркі 31 заманауи ұшақтан тұрады. Алдағы он жылдың ішінде авиа­лай­нерлердің санын 64-ке жеткізу жос­парлаған. 2020 жылға қарай жұмыс орны 11 пайызға артатын болады. Соған байла­ныс­ты авиатасымалдаушы компа­ния­ға ұш­қыштар, инженерлер, механиктер, борт­серік­тер және жолау­шыларға қызмет көр­се­ту қызметтерін атқаратын агенттер қажет болады.

– Авиацияда пайдалы және табысты компания болып қалуға тұрақты, бір­қалыпты өсу ғана көмектеседі, – деп атап өтті «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер. – Соңғы 3-4 жылда біздің компа­­ния бизнес-үлгісін өзгертіп, жолау­шы тасымалдау санын ұлғайту арқылы өзі­нің табысты компания екендігін дәлелдеді. Біз мұнымен шектеу қой­май­мыз, алдағы уа­қыт­та жаңа ұшақтардың са­нын арттырып, штат санын да көбейт­пек­піз. Бүгін «Эйр Астана» ұш­қыш­тарды ab-initio бағдар­ла­ма­сы бойын­ша Испания мен Ирландияда оқы­тады, бортсеріктерді даярлауды Герма­ния, Ұлыбританияда жүзеге асырады. 2018 жылдан бастап, біз PART-66 стандарты бойынша ави­а­тех­никтерді Астанададағы инженерлік-техни­калық орталығында дайындай бас­таймыз. Осылайша, біз кадр тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, қазақ­стан­дық жасөспірімдер мен қыздарды бе­дел­ді кәсіпке тартып, өзіміздің әлеу­мет­тік жауапкершілігімізді көрсетеміз.

Бүгінде ұшқыштың оқуын оқып, ірі әуе лайнерлерін басқару – көптеген қазақ­стандық жастардың арманы. «Эйр Астана» «Арманыңды іске асыр» бағ­дар­ламасы бойынша осындай жастарға жол ашып, ұшқыш болуға шақырып отыр. Кан­дидаттарға ең төменгі талаптар қойы­ла­тынын, ең бастысы – адам сену керек, арманына жету үшін бізге келіп өзін сы­нау керек» деп түсіндіреді әуе ко­м­па­ния­ басшылары.

Қазақ­стан­ның ұлттық әуе тасымалдау­шы­сы кадр дайындаумен бірнеше жыл бойы айналысады. Енді бұл процесті жаңа, жоғары деңгейге көтеруді жос­парлап отыр. «Эйр Астана» әуе ком­паниясы 18-бен 34 жас аралығындағы жас­тарды «Арманыңды іске асыр» шара­сына шақырады.

Авиакомпания үшін бір пилотты оқытып шығару үшін, шамамен, 200 мың доллар жұмсалады екен. Оқуды бітірген ұшқыш жұмысқа тұрғаннан кейін, осы қаржының жартысын ғана компанияға қайтаратын болады. Питер Фостердің айтуынша, кадрларды дайындау жөнін­дегі бұл бағдарлама – әлемдегі ең пайдалы әрі тиімді. 2009 жылы ab-initio бойынша ұшқыштарды дайындау бағдарламасы басталғалы 189 кадет бітіріп шыққан, олар қазіргі кезде екінші пилот және борт командирі қызметтерін атқарып жүр. Жыл сайын Испаниядағы Херес және Ирлан­дия­дағы Корка ұшу орталық­та­рын­да 24 кадет оқиды. Келесі жылы кадет­тердің саны 40-қа жетеді.

Қазіргі кезде «Эйр Астана» әуе ком­па­ния­­сында 1120 борт­серіктер қызмет ете­ді, оларға қойыла­тын басты талап­тар­дың бірі – үш тілде сөй­леу. Келесі жылдан бастап PART–66 авиатехниктерді дайындау бағдарла­ма­сы басталады. Бір курс­та 15 адам болады, оқу 16 айға созы­ла­ды деп жоспарланған. Оқу – те­гін, ком­­панияның есебінен. Курс­ты бітір­­ген­дер «техник-меха­ник» және «тех­ник-авионик» маман­дық­­тарын алып шыға­ды. Олар халықаралық серти­фи­каттар мен лицен­зия­лар алады деп түсін­дірді «Эйр Астана» әуе компания­сы­ның қыз­мет­кер­лер­ді басқару және әкім­ші­лік мәселелері жөніндегі вице-президенті Евгения Ни.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз