ИМ-де құлдықта болған бойжеткен: Ендігі маған ажал да қорқынышты емес

Ислам атын жамылған лаңкестер құрығынан құтылып шыққан 21 жасар Нада Мурад The Sun баспасөз орталығына берген сұхбатында басынан өткерген қиындықтары жайлы айтып берді деп хабарлайды muslim.kz.

 
ИМ-де құлдықта болған бойжеткен: Ендігі маған ажал да қорқынышты емес (фото)

Сондай-ақ, ол қыз-келіншектерді лаңкестер арбауына түсіп қалудан сақтандырып, кажетті кеңестерімен бөлісті.

Оның айтуынша, тұтқын қыздар халифат әскерінің қолына екі түрлі жолмен түсетін көрінеді. Бірі – адам саудасымен айналысатын лаңкестік топтар арқылы болса, әлеуметтік желі арқылы Сирияға шақырғандардың шырмауына алданып жатқандар да көп көрінеді.

Ал Наданың өзі тұтқынға туған ауылын содырлар жаулап алғанда түскен көрінеді. Қолға түскен ер балалардың барлығы сол күні-ақ сатылып, қыздарды «жиһадшылар» бөліп алған.

    ИМ-де құлдықта болған бойжеткен: Ендігі маған ажал да қорқынышты емес (фото)

    «ДАИШ тұтқынында үш ай өткіздім. Осы уақыт ішінде көргендерімнен кейін маған, тіпті, ажал да қорқынышты емес болып қалды», – дейді ол.

    Үш ай бойы ол өзін күнде ұрып-соғып, көрсеткен зорлық-зомбылықтарын, тіпті есіне де түсіруге қиналатын жеткізді. Ал оған қарсылық танытқандарды немесе қашып шығуға талпынғандарды көпшілік көзінше жазалап отырғанын айтады.

    ИМ-де құлдықта болған бойжеткен: Ендігі маған ажал да қорқынышты емес (фото)

    «Оларды көбіне Батыс әйелдері қызықтырады. Шашы мен көздері ашық түсті болғандарын ұнатады. Ғаламтор бетінде сондай қыздарды іздестіріп отырады. Оларға бұл жақты жұмақтай ғып суреттеп, келуге үгіттейді. Олардың арбауына түсіп қалатындар көп. Алайда, «айдалада алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» дегендей, жұмақ өмірді аңсап келген олар мұнда тамұққа түседі. Лаңкестер құлдығына бір түскен олардың аман шығуы екіталай. Зорлық-зомбылық пен қинаудан көз жұмады, қашып шығуға талпынғандар көбінесе қолға түсіп, көпшілік алдында жазаланып жатады. Аман құтылғандары некен-саяқ», – дейді ол.

    nur.kz
    Бөлісу: 

    Жаңа пікірді жазу

    CAPTCHA
    Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз