Із-түссіз жоғалып кеткен А.Асубайұлының ата-анасы құзырлы органның жұмысына көңілдері толмайды

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен Абай Асубайұлының ата-анасы құзырлы органның жұмысына көңілдері толмайды. Ұлдарының жоғалғанына 10 күнге жуық уақыт өтсе де құзырлы орган, не құтқарушылардың жұмысы мардымсыз дейді. Тіпті құтқарушылардың тікұшағы келіп, 3 сағатқа толар-толмас іздеген болып, жанармайымыз таусылды деп кетіп қалыпты.

Қопа ауылы маңындағы дәл осы тұста Абай мал іздеп кеткен. Кешкі сағат бестерде кеткен өрімдей бозбаладан әлі күнге дейін бірде-бір хабар жоқ. Бүгін Абайдың жоғалғанына тура тоғыз күн болды.

Абайдың амандығын тілеген ата-анадан әбден маза қашқан. Етектері жасқа толған олар алғашқы үш күнде іздеу жүргізілгенін айтады. Бірақ, іс мардымды емес деп налиды. Көңіліміздегі күдікті айта бастасақ, сіздер жала жапсаңыздар өздеріңіз жазаға тартыласыздар деп құзырлы органдағылар шошытады  дейді. Ал, Абайдың әкесі ұлын көрші қыстақтағы «Дайын» шаруа қожалығының  адамдары ұстап отыр деп күдіктенеді. Себебі,  арнайы тексеріс кезінде сол маңнан Абай әкесіне соңғы рет қоңырау шалыпты.

АСУБАЙ ҚИМБАЕВ, Абайдың әкесі:

- Соткіге өзі звондапты. Мама папама берші папаммен сөйлескім келіп  тұр депті. Сол кезде маған алып келгенше соткасы өшулі. 6,20 кеткенде сотка өшеді содан кейін ұлымыздан айырылып қалдық. Өлтіріп кетті ме, лақтырып кетті ме, соны тексере алмай жатыр. Милицияларға айтсақ, қазір бұрынғы уақыт емес, оны соға алмаймыз. Ұра алмаймыз дейді. Қайтса айтсақ өзіміз нетіп кетеміз бе. Өздеріңіз ақырын көріңіздер дейді.

Ұлы бір ұрлықты көріп, сол үшін жазасын алды ма, -деген күдік те бар ата-ананың жүрегінде. Қазір Қопа ауылындағылар Абайды іздеуді тоқтатқан. Ал ата-анада ұлдарының аман келетіне үміт басым. 3 сағатқа толар толмас іздеу жүргізген құтқару қызметінің тікұшағына жанармайын  да төлеуге дайынмын. Тек, ұлымның іздеуін тоқтатпаса дейді мұңды әке.

МӘНШҮК ҚАНАПИЯНОВА, Абайдың анасы:

- Арыз жаздық РОВД ға ешкім ешқандай талон бермеді қолымызға. Бүгін тоғызыншы күн баламыздан айырылғанымызға. Малды да іздейді. Баламыз жоқ әлі.

Жалпы тұрғындар Ақсу ауданының ішкі істер қызметі өте сылбыр жұмыс жасайды дегенді айтады. Дәл осы Қопа ауылынан алты ай бұрын да Маузайхан есімді азамат іс-түссіз жоғалып, әлі күнге дейін табылмапты.

МҰХАМЕДХАН ӘЛІМХАНҰЛЫ, Қопа ауылының тұрғыны:

- РОВД іздедік дейді. Бірақ ешкім дұрыстап іздеген жоқ. Әлі іздеп жүрміз. Күдер үзбейміз. Менің кіші әкем болып келеді.

Күмісбек Абай Асубайұлының ата-анасы ұлын тауып берген адамға қалаған сүйіншісін беруге де дайынмын дейді. Ал, тамыздың бірінен іс-түссіз жоғалған Абай 18 тамызда 19 жасқа толады екен. Абайды көргендер төмендегі номерге хабарласуға болады. 

31.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз