Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Қапшағайда мектеп маңына көмілген нәресте табылды деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

Көмілген жаңа туған нәрестені балалар тауып алып, ата-аналарына айтқан. Жергілікті тұрғындар полицияға хабар берген.

"Нәресте бүгін 1-ші ықшамаудандағы №2 мектеп-гимназиясының стадионында табылды. Оны көміп тастаған. Нәресте жастыққапқа ораулы болды", - деген ІІД баспасөз қызметіндегілер нәрестенің ұл бала екенін айтады.

Аталмыш іс бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды өндіріс басталды. Анасының кім екенін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз