Қазақстан мен Жапония инвестициялық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті

Бұл күндері күншығыс елінің астанасы Токиода қос мемлекеттің бизнес-форумы өтуде.

Қазақстандық делегацияны инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Хайыров бастап барды.

Форумға ел үкіметі мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының және облыстық әкімдіктердің өкілдері қатысып жатыр.

Сондай-ақ кәсіпкерлеріміз де бұл шарадан қалыс қалмады. Іскерлік алаңында екі ел арасындағы бизнес байланыстың озық үлгілері көрсетілді. Бұған қоса инвестициялық ахуал таныстырылып, оның келешегі кеңінен талқыға салынды.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз