Қазақстанда болашақтың автокөлігі "тест-драйвтан" өтеді

Экологиялық таза түптұлғаны ҚР Президентінің Іс басқармасы қызметінде күнделікті пайдаланатын болады.

"AllurAuto" компаниялар тобының өкілдері биыл шығарыла бастайтын қазақстандық электромобильді сынаққа алуға берді. Экологиялық таза түптұлғаны ҚР Президентінің Іс басқармасы қызметінде күнделікті пайдаланатын болады, деп хабарлайды BNews.kz "Аллюр" КТ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

iEV7S моделінде аккумулятор батареясының сұйықтық салқындату/жылытудың бірегей жүйесі ерекшеліктеріне жатқызылатын, электромобильдер құрылысының ең жаңа технологиялары қолданылды. Жаңа модельдегі батареяның сыйымдылығы жүріс қоры 251 км-ден 280 км-ге артқан жүріс қоры нәтижесінде, 33-тен 39 кВт-сағатқа дейін өсті. Мысалы, егер 60 км/сағаттан асқан жылдамдықпен жүруге болатын болса, сағатына барлығы 350 км жүріп өтуге де болады. 0-ден 80%-ға дейінгі аккумулятор қуаты жылдам режимде 60 минутты алса, 0-ден 100% - 90 минут болады. Стандартты режимде 0-ден 100%-ға дейінгі батарея қуаты жеті сағатты алады, электрокроссовердің 100 км/сағатқа дейінгі екпіні 11 секунд болса, ал ең жоғары жылдамдық 130 км/сағатқа дейін жетеді.

"2016-2017 жвлдары "СарыаркаАвтоПром" зауытында 27 JAC электромобильдерден: JAC EV4, EV5, EV6S, EV6E, EV7 бес модель байқалатын партия өндірілді. Ұзақ уақытты тест-драйва үшін оларды электромобильдер мен автомобиль жасаушылар саласында әлеуетті тұтынушылар, танымал тұлғалар, сарапшылар арасына бөлді. Солардың ішінде JAC iEV6S мини-кроссовер өзін өте жақсы көрсете білді. Барлық тестіленетін модельдер ішінде ол өзін қазақстандық климаттық және ландшафтты жағдайларға ең бейімді түрде көрсетті. 2017 жылдың қазанында конвейерлерде жетілдірілген жолын қуушы iEV6S алмастырды. Биылғы жылы Қостанай қаласындағы зауыт алаңында аталған автомобильдердің сериялық өндірісі іске қосылатын болады", - деп хабарлады "AllurAuto" СҮ бас директоры Серік Әжімұратов.

Ай бойына электромобильді ҚР Президентінің Іс басқармасы қызметінде күнделікті белсенді режимде сынайтын болады. Пайдалану қорытындылары бойынша ведомство Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, сондай-ақ өзге жеке және заңды тұлғаларға  көліктік қызметтер көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыруда автокөлікті одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы объективті шешім қабылдай алатын болады.

"Жасыл экономиканы" дамытуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басым бағамын қолдана отырып, біздің кәсіпорын автопаркты экологиялық таза көлік түрлерімен толықтыру мүмкіндігін қарастыруда. Біз қазақстандық электрокардың сынау сериясын толығымен жүргізуге ниеттеніп, олардың мақсатқа сәйкестігіне көз жеткізіміз келеді, өйткені ең жоғары деңгейде автокөлікке қызмет көрсету қызметіміздің негізгі мақсаты болып табылады. Жалпы айтқанда, қазіргі заманның ғаламдық проблемаларымен қатар – жасыл технологиялардың дамуына бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінеді, Қазақстан да соның ішінде", - деді "ҚР ПІБ Автошаруашылығы" РМК директоры Төлеубек Сүйіндіков. 

Оның айтуынша, отынның баламалы түрлеріндегі көлік экология көрсеткіштері бойынша тиімділікке жетуге, қосалқы бөлшектер, шығындық және жанар-жағармай материалдары сатып алуда шығынды барынша азайтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы тренд болып отыр.

Алдында екі модельді электромобильдер Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігіне пайдалануға ұсынылған. Пайдаланудың 6 айлық нәтижелері бойынша "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ 762 000 теңгенің отынын үнемдеді (айына 127 000 теңге).

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз