Киндер-сюрпризге героин жасырған рудныйлық тұрғын ұсталып қалды

Рудный полициясы киндер-сюрприздің пластик контейнеріне есірткі жасырмақ болған 35 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Киндер-сюрпризге героин жасырған рудныйлық тұрғын ұсталып қалды

Фото: inform.kz

Қостанай облыстық ІІД хабарлауынша, тәркіленген героиннің салмағы 3 граммнан сәл асады. Жүргізуші есірткі салынған ойыншықты орындығының астына жасырған.

Облыстық ІІД брифингінде жедел уәкіл Айгүл Ерәділова 1 маусымнан бастап, республикалық «Көкнәр-2016» жедел-алдын алу шаралары өткізіліп жатқанын хабарлады. Бұл шаралар қазан айында аяқталады. Операция басталғалы полиция 89 келі түрлі есірткі ұстаған. Жыл басынан бері Қостанай ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының қызметкерлері 167 қылмысты ашты, оның 130 фактісі есірткі тасымалдауға қатысты.

«10 тамыз күні Қостанай ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынын Темірбаев көшесіндегі өз пәтерінде ұстады. Ол өз үйінде 3 граммнан асатын героин сақтаған. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр»,  - деді Ерәділова.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз