Қостанайда сүйіктісімен айырылысқан жігіт ғимарат шатырынан секірмек болды

Полицияның учаскелік инспекторы Азамат Шериезданов төрт қабатты ғимараттан секіргелі тұрған 24 жастағы қостанайлықты құтқарып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

 

Қостанайда сүйіктісімен айырылысқан жігіт ғимарат шатырынан секірмек болды

Фото: inform.kz

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбі күні кешкі сегізде «Дорожник» полиция учаскелік бөліміне кезекшіден суицид жасау жайлы хабарлама түскен. Полицияға оқиға орнындағы куәгерлер хабарласқан.

Шынында да, алкогольді ішімдікке мас жас жігіт ғимарат шатырына шығып, өзіне өзі қол салам деп қорқытқан. Алғашқы болып жеткен жол полицияларымен ол сөйлескісі келмеген. Учаскелік инспектор А.Шериезданов ғимаратқа төтенше жағдай қызметі, жедел жәрдем және психиатриялық емхана қызметкерлерін және жас жігіттің туысын шақырған.

«Туысымен ақылдасып, полиция қызметкері жігітті құтқаруға кіріседі. Ер адаммен бірге олар баспалдақ арқылы ғимарат шатырына шықты. Полицей мен туысы өзін-өзі өлтіргелі тұрған жігітпен жарты сағат бойы сөйлесіп, райынан қайтаруға тырысты. Олардың өтінішіне қарамастан, сүйіктісімен айырылысқан жігіт ғимарат шатырынан секіріп кетті. Жігіттің қолынан туысы ұстап үлгерді және Азамат Шериезденов екеуі жігітті төменге алып түсті», - делінген хабарламады.

Учаскелік инспектордың айтуынша, жеке тәжірибесінде мұндай оқиғалар жиі кездескен. Жанұялық-тұрмыстық ұрыс-керістен соң, ішімдікке мас күйі суицид жасауға ұмтылады және жақындарын өліммен қорқытады. Сол кезде ең алғаш көмекке учаскелік полицейлер жетеді екен.

А. Шериезданов полиция қатарында екі жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол қызмет ететін аумақта 30 мыңнан астам халық тұрады.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз