«ҚТЖ» АҚ 600-ден астам мүгедек жанды жұмысқа орналастырды

Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінде 600-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрды, деп хабарлайды BNews.kz.

45 жастағы мүгедек Бимұқан Нұрсейітов есімді азамат үш жылдан бері «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Қостанай филиалындағы Құсмұрын станциясының атқыштар командасында еңбек етеді. Ол қосалқы-көмекші жұмыстарды атқарады. Ұйым басшылығы оны жұмысқа қабылдағанына еш өкінбейтінін айтады. Бимұқан өзіне жүктелген міндеттерге мол жауапкершілікпен қарап, барлық тапсырманы тиянақты орындайды.

«Мені мұнда жылы қабылдады. Командаға өзіңнің керек екеніңді сезіну – зор қуаныш»,- дейді қызметкер.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға тек әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, жұмыспен қамтуға жағдай жасаған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Мұндай көмек адамдарға сенім ұялатып, жарқын болашақ пен бақытты өмір сыйлайды. Сондықтан Қостанай қаласындағы «ӘТЖК» АҚ филиалынан хабарласып, бір адамға әлеуметтік жұмыс орнын бере аламыз ба деп сұрағанда, мен ойланбастан «Табамыз» дедім», - дейді Құсмұрын стансасындағы атқыштар командасының басшысы Александр Спицын.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Қостанай филиалындағы Тобыл станциясында дәл осындай қызметке мүмкіндігі шектеулі Елена Зеленко қабылданды. Басшылық та өз қызметкері туралы оң пікірде.


http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз