Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды бүгінгі айтулы мереке – Рухани келісім күнімен құттықтаймын!

Рухани келісім күні – бұл өзара түсіністік пен келісімге деген құлшыныс, әртүрлі ұлттар мен әлеуметтік топтардың, саяси, діни ұстанымдардың арасын жалғастыратын алтын көпір, жақындарыңа, мұқтаж жандарға деген қайырымдылық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атап өткеніндей,  тәуелсіздік жылдарында еліміздің саяси тұрақтылығы мен дінаралық, ұлтаралық келісімін сақтап, дамыта алдық. Уақыт көрсеткендей, қазақстандық  мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынас  сенушілердің құқығы мен таңдау еркін сыйлау және құрметтеуге, қоғамдық, діни мүдделердің тепе-теңдігін сақтауға, әріптестік және түсіністікке ұмтылуға негізделген. 

Ел тәуелсіздігінің арқасында бүгінгі күні әрбір қазақстандық өзі ұстанатын діни сенімнің шарттарын, ұлттық дәстүрлерін сақтап, дамытуға, діни және ұлттық мейрамдарын атап өтуге мүмкіндік алып отыр. Әлемдегі бірде-бір дін күш қолдануға, соғысқа, әділетсіздік пен арсыздыққа шақырмайды. Қазақстандағы барлық дәстүрлі діндердің мәні  – бейбітшілік пен әділдік, тазалық пен қайырымдылық, барша тіршілік иелеріне деген қайырымдылық. 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде діни бірлестіктер мемлекеттің конфессияаралық және әлеуметтік бағыттағы бастамаларын үнемі қолдап, көмек көрсетіп келеді. Бүгінгі күні облысымыздың аумағында 12 конфессияны құрайтын 228 діни бірлестік ресми тіркеліп, жұмыс істейді. Олардың бәрі қоғамымыздың тұрақтылығын, дінаралық байланыс пен бірлігімізді нығайтуға мүмкіндіктерінше өз үлестерін қосып отыр.

Қадірлі жерлестерім! Баршаңызға ашық аспан, бірлік пен татулық, мықты денсаулық, табыс тілей отырып, бір-бірімізге деген сыйластығымыз бен айналамыздағыларға қайырымды болу сияқты ізгі қасиеттеріміз  ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бірлік пен достықты нығайтуға игі ықпалын тигізе берсін дегім келеді!

Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

http://arka-azhary.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз