Маңғыстау облысында әкесін балағаттаған ер адам темір тордан бір-ақ шықты

Жаңаөзенде отбасылық жанжал кезінде әкесін балағаттаған ер адам тұтқындалды деп хабарлайды BNews.kz.

 

Маңғыстау облысында әкесін балағаттаған ер адам темір тордан бір-ақ шықты

Фото: hibinform.ru

Аталған фактіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сотта ер адам отбасылық жанжал кезінде әкесіне былапыт сөздер айтып, тіл тигізгенін мойындаған.

Сот қаулысымен ол әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы бiр жыл iшiнде қайта жасалған құқыққа қарсы әрекеттер" бабы бойынша ер адам 10 тәулікке қамауға алынады.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ деп хабарлайды lada.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз