Оралда 221 қару балқытылды

Орал қаласындағы арматура зауытында 221 қару жойылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 197 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 15 газды тапанша, 3 травматикалық тапанша, 6 шолақ мылтық балқытылды. Сонымен қатар 6 электрошокер, 3 пышақ, 1 оқдәрі қорабы және ИЖ-43 аңшы мылтығының 2 тетігі құрдымға кетті. Бұлар тәркіленген, табылған, сондай-ақ тұрғындар өз еркімен тапсырған қарулар еді. Пеште балқытылған қарудан 240 кг металл алынды. Айта кетейік, мұндай шара тоқсан сайын өткізіледі.

Елжан Ералы
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз