Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Оралда 754 бос жұмыс орны бар. Мұндай мүмкіндікті жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген түлектер пайдаланып жатыр.

Өйткені олар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылған. Еңбек нарығында электрик, дәнекерлеуші, дәрігер және құрылысшы мамандықтары сұранысқа ие. Жәрмеңкеге 18 бен 29 аралығындағы 500-дей жас қатысты.

Жангүлім Мақсотова, қала тұрғыны:

- Негізі мамандықтарға грант бөлер кезде алдымен жұмыстардың пайызын ойлау керек деп ойлаймын. Негізгі мамандығымым – инженер-байланысшы. Түйіндемелерімізді әкеліп тапсырдық. Енді тек күту қалды.

Кенесары Нұршинов, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы:

- Айта кететін жайт, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Даму» қоры өздерінің кәсіптерін ашамыз дейтін жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Біз – ресурстық орталық 2017 жылға 6 жобамен кірген болатынбыз. Соның бірі – «Жас маман» жобасы.

24.KZ
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз