Оралда екі мектептің іргетасы қаланды

Оралда жалпы саны бір жарым мың оқушыға арналған екі бірдей мектептің құрылысы басталды.

Оның бірі қаламен қапталдас Деркөл кентінде, ал екіншісі Зачаган шағынауданында салынады. Қос нысанның құрылысына мемлекет пен инвесторлардың әлеуметтік жобаларға тиесілі қаржысы есебінен 3 млрд теңге бөлінбек. Мердігерлердің айтуынша, оқу ғимараттары келер жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында өңірде 59 мектеп пен 17 балабақша бой көтерген. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында қосымша 24 балабақша салынды. Жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалар саны 2 мыңға артып келеді. «Осындай жаңа нысандар арқылы ең өзекті мәселе оң шешім табады», - дейді аймақ басшысы.        

Алтай Көлгінов, облыс әкімі: 

- Қазір біз тұрған жерімізде 900 орындық мектепті бастадық. Ол Ұлттық қордан бөлінген 1 млрд 900 млн қаражатқа салынады. Жергілікті құрылыс комбинаты толық іске қосылған. 600 орындық тағы бір мектепті бастадық. Үкіметтің қолдауы бар, келесі жылға осы екі мектепті қосқанда 5 мектепті біз іске қосатын боламыз.

 

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз