Оралда мерекелік шеруге дайындық кезінде оқушылар жаппай есінен танып құлады

Осылайша мектепте білім алудың орнына, қара көбейту үшін алаңға әкелінген жеті бала жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқыс жағдай жеңіс күнін тойлауға дайындық барысында болған. Әскери киім киіп ән салып, сап түзеп жүрген балалар аяқ астынан бірінен соң бірі құлай бастады. Алдымен, 11-сынып оқушысы есінен танып, ұстаздар жедел-жәрдем шақыртқан. Оған алғашқы көмек көрсетіліп жатқанда қыз бала сұлап түсіпті. Жаппай есінен танған тәлімгерлерді ауруханаға жеткізу үшін үш бірдей арнайы көлік тартылды. Жеті оқушының бесеуі бірден үйлеріне қайтарылған. Екеуі әлі дәрігер бақылауында. Бірінің басы жарылып миы шайқалған. Оқушылардың жаппай құлауына күн өтуі себеп болуы мүмкін. Ал шәкірттері зорығып шетінен сұлап жатса да ұстаздар міз бағатын емес. Олар даурығатын дәнеңе жоқ. Бұл қалыпты жағдай деп отыр.

Жансұлу Төремұратова, Орал қаласы білім басқармасының басшысы:

- Ия болды жағдай. Бірнеше бала құлады. Бұндай адам көп қатысатын шаралар кезінде болып тұрады. Екі жарым мың бала атсалысып жатыр. Бір екі баланың есінен тануы қалыпты жағдай. Бастысы балалар аман.

 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз