Оралдағы аграрлы-техникалық университет студенттеріне жатақхана салынады

Елімізде 500 мыңға жуық студент грант есебінен білім алады. Мемлекет басшысы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында мұндай гранттар санын тағы 20 мыңға көбейтуді және оларды талапқа сай жатақханамен қамтуды тапсырағаны мәлім. Оралдағы аграрлық техникалық университетінде келешекте 500 студентке шақталған жатақхана салу көзделіп отыр.

Іргелі білім ордасы үш жатақхана мен оқу және әкімшілік ғимараттарынан тұратын тұтас кешенді қамтиды. Қазір университетте 4 мыңдай студент білім алып жатыр. Болашақ мамандардың барлығы да жатақханамен қамтылған. 

Асхат Өкшебаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы:

- Өзіміз тапсырыс берген болатынбыз тағы да 9 қабатты аналогы жоқ жатақхана салуға. Өйткені, демографиялық мүмкіндіктерге байланысты жылдан жылға түсетін студенттер саны көбейіп келеді.  Сондықтан 2020 жылға дейін осы университетке де жатақхана қажеттілігі туындайды. Осы туындаған қажетілікті қамтамасыз ету үшін бізтағы бір жатақхана салуға тапсырыс бердік. Осы тапсырыс аясында елбасының үндеуі бізге үлкен қолдау болды. Өйткені, соның арқасында біз тағы да бір жатақаханалы болып студенттердің тұрсмыстық-әлеуметтік жағдайын көтереміз деген сенімдемін. 

Аружан Жданбек, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті:

-  Оңтүстік қазақстан облысы Шымкент қаласынан келдім, «Серпін» бағдарламасымен түстім. Жатақханада жағдай жасалған, қызықты, бәрі бөлек, үш қыз тұрамыз бөлмеде, бәрі жақсы. Қуаныштымын, осы Оралға оңтүстіктен батысқа келдім, бұл жақта қызықты тілдері. 

Қазіргі таңда облыс бойынша 2 мыңдай студент жатақаханаға зәру. Олардың 500-і колледжерде білім алуда. Жаңа жатақханалар салу арқылы бұл мәселе түбегейлі шешілетін болады,- дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз