Өзбекстанда Ислам Каримовтың қызы қамауға алынды

Өзбекстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнәр Каримоваға айып тақты. Бұл туралы елдің Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Г.Каримоваға Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 168, 178, 182, 189, 228 және 243 баптары бойынша айып тағылды және оған қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Г.Каримоваға іс бойынша жиналған дәлелдер негізінде айып тағылып отыр, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар , куәгерлер, жәбірленушілердің жауаптары және ұйымдасқан топтардың қол астындағы 14 фирма мен 16 оффшор компанияның қызметін тексеру материалдары, алынған жазбаша және заттай айғақтар мен сараптамалардың қорытындысы бар», - деп жазылған сайтта.

Өзбекстан Бас прокуратурасы көрсетілген екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке және оның азаматтарына бір жарым млрд доллар зиян келтіргенін хабарлап отыр.

Айта кетейік, Гүлнәр Каримова – 2016 жылдың қазанында қайтыс болған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы. Мемлекет басшысының қазасынан кейін Өзбекстанда Гүлнәр Каримова көз жұмды деген сыбыс тараған болатын.

 

 

 

https://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз