Путин Назарбаевқа Түркиямен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Ресей президенті Владимир Путин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты, - дер хабарлайды РИА Новости.

"Сіз Ресей-Түркия қарым-қатынасын қайта қалпына келтіру туралы айттыңыз. Осыған байланысты аралық миссияңызды ойлап, жасаған амалдарыңыз үшін алғыс айтамын. Көріп отырғанымыздай, қарым-қатынасымыз жақсарды", - деді Путин Назарбаевпен кездесуінде. 

Назарбаев өз кезегінде Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасының қалпына келуін қолдайтынын айтты.

"Бұл қарым-қатынастар Қазақстанға әсер етті. Өзіңіз білесіз, біздің де олармен байланысымыз бар. Сол қақтығыста біз Ресейдің ұстанымын нақты ұстандық және осыған байланысты менің қандай да бір көмегім болса, бұл өте жақсы", - деді Назарбаев.

kaz.tengrinews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз