СҚО-да қатты аяз: Жолдар жабылып, сабақ тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан жолдар жабылды. Өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы 35 градусқа дейін түсіп кетті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл күндері төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Синоптиктердің айтуынша, осы апта аймақта қатты аяз болады. Тіпті бейсенбі, жұма күні 40-42 градусқа дейін суытады деп болжанып отыр. Сондықтан мамандар адамдарға жолға шықпай, сақтық шараларына мұқяит болуға кеңес береді.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз