Су жаңа тұрғын үйге қоныстанған халықтың қуанышы ұзаққа созылмады

Бұлай деуіміздің себебі Зашаған кентіндегі Көктем шағын ауданында орналасқан жаңадан салынған 9 қабатты үйдің тұрғындары әлі күнге дейін көгілдір отынсыз отырған көрінеді. Мына Мұрат Мөңкей ұлы көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үй, комерциялық бағытта пәтер алғандарға ағымдағы жылдың басында қолданысқа берілсе, бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізген азаматтарға маусым айында қоныстануға рұқсат берілген. Міне содан бері бұл үйге табиғи көгілдір отын әлі күнге дейін берілмей келеді. Тұрғындардың пайымдауынша, олар газды өткізуге қажетті 900 мың теңге қаражатты жинап, тиісті мекемеге тапсырған. Алайда одан еш қайыр жоқ. Біз аталмыш мәселемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мәлік Есниязға арнайы жолығып, орын алған келеңсіз жағдайдың шешілу жолдарын білмек болдық. Алған жауабымыз төмендегідей. Бұнымен қоса тұрғындар, баспаналарының ауласында ешбір балалар алаңқайы, тіптен есік алдында отыратын орындықтардың жоқтығына наразы. Ал Көршілес орналасқан көпқабатты тұрғынүй ауласы болса барлық қажеттіліктермен жабдықталыпты. Өздеріңіз естігендей Мұрат Мөңкейұлы көшесінде орналасқан 83/2-үйге көгілдір отын беру жұмыстары тап ертеңнен басталмақ. Сондықтан да дүйсенбі күні барлық пәтерлерде газ берілуі тиіс. Ал балалар алаңқай мен басқа да қажеттіліктер құрылысы тамыз айының соңына дейін тәмамдалады деп уәде берді жергілікті билік. Ендеше тамыздың соңында тиісті жұмыстар аяқталған соң, түсірілім тобы аталмыш мекен жайға тағы бір бас сұққалы отыр.

tdk42.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз