Тынық мұхиты жағалауына жақын орналасқан елді мекендерді су алуда

Австралияның Квинсленд штатының солтүстік-шығыс аудандары апат аймағы деп жарияланды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Соңғы күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан өзендер арнасынан шығып, Тынық мұхиты жағалауына жақын жерде орналасқан көптеген елді мекендерді су алды. Апаттан әсіресе 5 мыңдай тұрғыны бар Ингрем қаласы зардап шеккен. Қаладағы тұрғын үйлердің 90 пайызын су басқан. Мамандардың болжамы бойынша, мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге сақталады. Айта кеткен жөн, сақтандыру компанияларының бұл штатты «апат аймағы» деп жариялауы, су тасқынынан келген шығынды өтеу процесін жеңілдету үшін жасалып отыр.

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз