ЖЕЛІДЕГІ ЖАРНАМАДАН АЛДАНҒАНДАР, АБАЙ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жамандықты бөліссең көбейеді. Желідегі жұрттың ескерусіз қалдырған тұсы осы. Жалған ақпаратты желдей ұшырып ала жөнелетіндер жауапкершілік жүгін сезінбей отыр. Байыбына бармай жатып байбалам салатын белсенділер керісінше ақиқатқа араша түсуі тиіс. Олқылықтың орнын әлеуметтік желідегі жалған жарнамадан сан соққандардың өзі толтыруға бекінген. Желідегі алаяқтардың арбауына түскендер өзгелерді сақ болуға шақырды.

Мен жазбаймын постты ермек үшін. Жамандықты бөлісіп, термек үшін. Желідегі белсенділер ұстанымы осыған дөп келсе, алданғандар көп болмас еді. Аталған жайтқа алаңдайтындар алдау-арбаудың басы желіде өзі жайлы дұрыс ақпарат жазбаудан,-дейді.Айтпай аттап өтуге болмайтын мына статистиканы сөйлетсек...

Әлеуметтік желідегі әрбір үшінші адам өзі­ жайында өтірік ақпарат жазатыны анықталған. Тар­қатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. 

Желідегі жылт еткен жазбаға елең етіп ере кететіндер көбеймесе азаймай отыр. Екінің бірі желі белсендісіне айналған тұста жарнамаға еритіндер шынында да көп пе? Көптің өзінен сұрап көрдік.

Байқағандарыңыздай  пікірлер сан алуан. Дегенмен бес саусақ бірдей емес. Интернеттегі алаяқтардың арбауына түскен аты-жөнін ауыстырып айтуды дұрыс деп тапқан мына ару да оқиғасын ортаға салды.

Желідегі жарнаманың жетегінде кетіп, қолындағы бар қаражатынан қағылудың қақ алдында қалғандардың бірі –Медет. Ақпараттың анығына үңіліп, жеті рет өлшеп бір рет кескенде ғана соңы өкініш болмайтынын айтады.

Медет Қалмен – Шымкент қаласының  тұрғыны

Еріккеннің ермегіне айналған желідегі алаң жалған мәлімет пен бейәдеп сөздердің бел ортасына айналып отыр. Қуанышқа орай дейік, бар кінәні саусағына аударып, аман қалып жүргендер енді жазадан құтылмайды. Қоғамдық орында немесе интернетте айтылған, жазылған ар-намысқа тиетін айыптаулар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы бойынша 12 625  теңге төлеу немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Ал, бір жыл ішінде қайталанса, 15 тәулікке қамау заңдастырылды.

Дана Мырзақадір – тілші

Қауіп қайдан келеді демеңіз...? Әлеуметтік желідегі жарнаманың әлекке салуы әп сәтте. Артық қылам деп алаяқтардың торына шырмалғандар шыға алмай әуре. Жарнаманың жаңғыруы басыңыздың талай есікте қаңғыруына сеп болмасына кім кепіл?  Барыңыздан айрылып, салыңыз суға кетпеу үшін ақпараттың анығына қанық болу адастырмайды.

 Дана Мырзақадір

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз