Ж.Қ.Түймебаевты Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметiне тағайындалды

Жансейiт Қансейiтұлы Түймебаев Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi қызметiнен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi мiндетiн қоса атқарудан босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев.

Түймебаев Жансейiт Қансейiтұлы

Түймебаев Жансейiт Қансейiтұлы 1958 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттiк университетiн, Мәскеу мемлекеттiк әлеуметтiк университетiнiң заң факультетiн бiтiрген.

1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттiк университетiнiң ассистентi, аға оқытушысы, доцентi.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң бiрiншi хатшысы, бөлiм бастығы.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентi протокол қызметiнiң бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары – ҚР Президентi протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентi протоколының бастығы – Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi.

2007 жылы 19 қаңтарда Ж. Түймебаев ҚР Бiлiм және ғылым министрi болып тағайындалды.

2010 жылы 7 қазанда Қазақстанның Түркия Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурыздан Қазақстан Республикасының Албаниядағы төтенше және өкiлеттi елшiсi қызметiн қоса атқарып келдi.

"Оңтүстік Қазақстан" газеті

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз