ЖҚЖК-2020: Қазақстанда жылдың басынан бастап 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 8,9 млрд теңге сомаға 3600 қарыз берілді, 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

«Несиелендірудің басым бағыттарына тоқтайтын болсақ, қор сүт қабылдау, отбасылық мал бордақылау  алаңдарын салуға арналған жобаларды қаржыландыруды бастады. Аталмыш үш бағытты қаржыландыру бағдарламасы 3 жылға есептелген, 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ЖҚЖК-2020, БЖК-2020 есебінен, сондай-ақ қордың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады», - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров ауыл тұрғындарының тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру үшін жеке шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша іс-шараларды іске асыруға арналған брифинг барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазіргі таңда қор ауыл тұрғындары үшін несие ұсыну  бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Шағын несиелер ауыл шаруашылығы малдарын бордақылауға және сүт қабылдау пункттерін, ауыл шаруашылығы кооперацияларын ашуға 3 жылдан бастап 7 жылға дейін 3 млн-нан бастап 7 млн теңгеге дейін сома жылдық 6%-бен беріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтарына шағын несиелерді сатып алатын жабдықты кепілге қою арқылы алу мүмкіндігі ұсынылады», - деп түсіндірді ол.

Айта кетерлігі, қор жылдың басынан бері жеке қосалқы шаруашылықтарының сүт қабылдау пункттері мен мал бордақылау алаңдарын құруға 1300 өтінімді қаржыландырды. Барлығы 3,13 млрд теңге сомаға шағын несиелер бөлінді.


http://pm.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз