Өтірік пен шындық

1. Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді,
          Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

2. Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық артық.

3. Шындық жоқ жерде сұмдық көп.

4. Өзінің қисықтығын білмеген
          Өзгенің түзулігін білмейді.

5. Өсекші мен өтірікші - егіз.

6. Ащы сұраққа тұщы жауап күтпес.

7. Көрген көзіме сенемін бе,
          Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе?

8. Шын - бір сөз, өтірік - мың сөз.

9. Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді.

10. Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?

11. Шындық - қамал бұзар.

12. Шындықтың шырағы сөнбейді.

13. Хан сырын білгеннің, қаны төгіледі.

14. Қаланың жаңалығын даладағы ел бұрын естиді.

15. Шындықтан зор палуан жоқ:
          Ол жауды да жығады, қамалды да бұзады.

16. Атқан жерде оқ қалар.

17. Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.

18. Көп қайда болса, шындық сонда.

19. Жыртық үйді жел табар, өтірік сөзді шын табар.

20. Әуелгі сөзің рас болса,
          Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.

21. Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

22. Әділет тілесе, атаңның да болса айыбын айт.

23. Шынымен жыласа, соқыр көзден жас шығар.

24. Таң атпайын десе де күн қоймайды,
          Өтірікті қуалап шын қоймайды.

25. Өтірікші кісі уәдешіл келеді,
          Оңбайтын кісі өсекке ереді.

26. Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

27. Өтірікшінің шын сөзі зая.

28. Жалғанға жалқау нанады, жә болмаса аңқау нанады.

29. Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады.

30. Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.

31. Өтірік айтып жағынғанша, шыныңды айтып жалын.

32. Өтірік айтқан жерде көп тұрма.

33. Ер өтірік айтпайды, еп өтірік айтады.

34. Өтірік сөз өрге баспас.

35. Сыр айтқанға сенбе, шын айтқанға сен.

36. Өтіріктің өзіне нанба, қисынына нан.

37. Өзің әділ болмасаң, өзгеден әділдік іздеме.

38. Қателескеннен қатені түземеген жаман.

39. Ақылды өтірік шаршатады.

40. Адалдық-ана сүті.

41. Шын сөз абақтыдан да шығарады.

42. Түйені көпір астына жасыра алмайсың.

43. Алдыңа келсе, атаңның құнын кешір.

44. Көз көрмей, көңлім сенбес.

45. Ағын су жолын табады, ақ адам оңын табады.

46. Ақ сөз ащы болады.

47. Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды.

48. Отты үрлеген жағады, шындықты іздсген табады.

49. Біреу әзіл айтса, сен әділ айт.

50. Сор сараңнан шығады, өтірік арамнан шығады.

51. Көңілдегі сырды көз білдіреді.

52. Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке ізіңмен барады.

53. Өтіріктің шиесін шын шешеді.

54. Саудагерде иман жоқ - арын сатады,
          Өтірікшіде иман жоқ - жанын сатады.

55. Біреудің сөзі әдемі, біреудің көзі әдемі.

56. Құлақ не естісе, ауыз соны айтады.

57. Тіл жүйрік емес, шын - жүйрік.

58. Соқыр көзіне сенбейді, қолымен көреді.

59. Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген.
          Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген.

60. Дерексіз сөз - нанымсыз.

61. Ауыз ашса, сыр көрінеді,
          Есік ашса, төр көрінеді.

62. Аталы сөз атан түйете татиды.

63. Өтірікші алдымен өзін алдар.

64. Аузында сөзі тұрмастың, бір жерде өзі тұрмас.

65. Жатқа сырыңды айтпа, өзіңе өтірік айтпа.

66. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

67. Жақсыға айтқан тура сөз - жасақ тіккен тумен тең,
          Жаманға айтқан тура сөз - құмға төккен сумен тең.

68. Тентек отты тебем деп, аяғын күйдіреді,
          Ділмәр шындықты жеңем деп, тілін күйдіреді.

69. Жылап айтқан шынға нанбайды,
          Күліп айткан өтірікке нанады.

70. Ойнап айтса да ойындағысын айтады.

71. Аққа құдай да жақ.

72. Шындыққа уақыт тосқауыл бола ал­май­ды.

Қазақ

Метко сказано: