Пословицы и поговорки

Бақыт, бақытсыздық, күнә

1. Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.

2. Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.

3. Бұлт қайда қонса, береке сонда шөгеді.

4. Жұт жеті ағайынды.

5. Құлан құдыққа құласа,
           Құлағында құрбақа ойнайды.

6. Бір қазаға екі жаза жоқ.

7. Әкесі өлгенді де естіртеді.

8. Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.

9. Қойға қасқыр шапқанда, ит семірер.

10. Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

11. Жамандық аяқ астында.

12. Отырса - опақ, тұрса - сопақ.

13. Жаманшылық пен жақсылық егіз.

Қазақ

Өтірік пен шындық

1. Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді,
          Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

2. Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық артық.

3. Шындық жоқ жерде сұмдық көп.

4. Өзінің қисықтығын білмеген
          Өзгенің түзулігін білмейді.

5. Өсекші мен өтірікші - егіз.

6. Ащы сұраққа тұщы жауап күтпес.

7. Көрген көзіме сенемін бе,
          Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе?

8. Шын - бір сөз, өтірік - мың сөз.

9. Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді.

Қазақ

Адам туралы

1. Адам деген ардақты ат.

2. Адамдықтан үлкен ат жоқ,
           Наннан үлкен ас жоқ.

3. Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
           Шөлге құдық қазған бір сауап,
           Өзенге көпір салған бір сауап,
           Жолға ағаш еккен бір сауап.

4. Еңбек - адамның көркі,
           Адам - заманның көркі.

5. Біреу, біреуге сүйеу.

6. Адамды алдау - арыңның алдында қылмыс,
           Ағаны алдау - анаңның алдында қылмыс.

7. Талабы жоқ жас - қанаты жоқ құс.

Қазақ

Еңбек, еңбекқорлық

1. Ер дәулеті - еңбек.

2. Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған жер жетім.

3. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ.

4. Қойшыны таяғы асырайды,
           Қасқырды аяғы асырайды.

5. Атан түйе жүк астында қартаяр.

6. Түйір нан - тамшы тер.

7. Жері байдың - елі бай.

8. Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

9. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

10. Малды тапқанға бақтыр, отынды алғанға жақтыр.

11. Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кеткен мал.

12. Берген алар, еккен орар.

Қазақ

Шеберлік, ұсталық

1. Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер.

2. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

3. Жігіт көркі - өнер.

4. Қыз еркем кестесімен көркем,
           ¥л еркем өнерімен көркем.

5. Ата өнері - балаға мұра.

6. ¥станы соққан пышағынан таниды.

7. Шеберлікке шек жоқ.

8. Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса.

9. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

10. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

11. Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай.
           Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки