Пословицы и поговорки

Тәрбие, үлгі-өнеге

1. Бала тәрбиесі - бесіктен.

2. Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай.

3. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.

4. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер.

5. Жаны сұлудың тәні сұлу.

6. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.

7. Сынықтан өзгенің бәрі жұтады.

8. Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар.

9. Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады.

10. Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

11. Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.

Қазақ

Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, қажырлылық, жігерлілік

1. Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

2. Батыр туса - ел ырысы,
            Жаңбыр жауса - жер ырысы.

3. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

4. Қылышты қорқақты,
           Сойылды батыр соғып алады.

5. Батырға оқ дарымайды,
            Батылға жау жоламайды.

6. Жауынгерге жара да жарасады.

7. Қаһарлы қамал бұзады.

8. Малы жоқ деп, ерден түңілме,
           Шөбі жоқ деп, жерден түңілме.

9. Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.

10. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

Қазақ

Байлық, кедейлік, мұқтаждық

1. Жоқтық ұят емес, тоқтық мұрат емес.

2. Бай бауырын танымас, сауда досқа қарамас.

3. Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.

4. Жарлы байғұс жаманар, жаманар да қуанар.

5. Нені кем тұтсаң, соған зар боларсың.

6. Аттыға жаяу жолдас болмас.

7. Несиеге ет жесең, сүйегі ішегіңді жыртар.

8. Жаяуға жол алыс.

9. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
            Тоқ бала аш болам деп ойламайды.

10. Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

11. Асы жоқ үйді ит те сүймейді.

Қазақ

Мейірімділік, қулық, залымдық

1. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
            Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.

2. Игіліктің ерте-кеші жоқ.

3. Көрнекті іс көмілмейді.

4. Жақсылық суға батпас, бір шығар, тегін жатпас.

5. Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр.

6. Қайыр қылсаң, бүтін қыл.

7. Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.

8. Жамандықты көп қуған, бір бәлеге жолығар,
            Жақсылықты көп қуған, бақ-дәулетке молығар.

9. Кең болсаң, кем болмассың.

Қазақ

Қонақ, қонақжайлылық

1. Қонақ келсе, құт келер.

2. Қонақ қойдан да жуас, май берсең де жей береді.

3. Қонақ аз отырып, көп сынайды.

4. Қонағым, жүре-бара тоярсың.

5. Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

6. Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.

7. Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

8. Құтты қонаққа - тәтті тамақ.

9. Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді.
             Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.

10. Қонағын сыйламаған баласын ұрады,
             Не үйін сыпырады.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки