Пословицы и поговорки

Тағдыр, жазу

1. Түйе жүктен қашып құтылмас,

2. Ат арбадан қашып құтылмас.

3. Ажалды киік ашыққа қашады.

4. Ажалды қарға бүркітпен ойнар.

5. Көресінді көрмей, көрге кірмейсің.

6. Біреудің ажалы - оттан, біреудің ажалы - судан.

7. Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.

8. Соңғы түйенің жүгі ауыр.

9. Кедей болар жігітке ажалды мал тап болар.

10. Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.

11. Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.

12. Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.

13. Айдалаға атқан оқ, ажалдыға тиеді.

Қазақ

Қорқақтық, жасқаншақтық

1. Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.

2. Жау жоқта жарақ көп, жау келгенде таяқ та табылмас.

3. У ішкен бір өледі, ант ішкен мың өледі.

4. Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа.

5. Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.

6. Қашқан жауға қатын да ер.

7. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

8. Қоян көлеңкесінен қорқады.

9. Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

10. Шегірткеден қорыққан егін екпес.

11. Ешкі қырыққан сайын бір өледі.

12. Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.

Қазақ

Асығу, аптығу, асықпау

1. Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

2. Қойшы көп болса, қой арам өлер.

3. Түйе көп болса, жүк сыймас.

4. Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.

5. Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

6. Асыққанның аяғы етегіне оралады.

7. Шабан үйрек бұрын ұшар.

8. Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.

9. Бір лақ екі адамды талтаңдатады.

10. Таз таранғанша той тарқар.

11. Той сылтауымен тон бітер.

12. Отырған қыз орнын табар.

13. Асыққан қалар ұятқа, сарғайған жетер мұратқа.

Қазақ

Достық пен жолдастық

1. Тату үйдің бақыты тасыр,
            ¥рыс-керіс үйдің ырысы қашар.

2. Жолдасы көптің - олжасы көп.

3. Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.

4. Сыйласу екі кісіге бірдей.

5. Туысы жақын - жақын емес,
           Қонысы жақын - жақын.

6. Татулық - табылмас бақыт.

7. Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

8. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

9. Ұрыстың мерейі - ерлік, ырыстың мерейі - бірлік.

10. Жаман жолдастан мықты таяқ.

11. Жолдасты жол айырады.

Қазақ

Әкімгершілік, күштілік

1. Тасты тас қозғалтады.

 

2. Нар жолында жүк қалмас.

 

3. Ит жүйрігін түлкі сүймес.

 

4. Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды.

 

5. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.

 

6. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер.

 

7. Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде.

 

8. Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар.

 

9. Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өлер.

 

10. Тышқанның тәңірі - мысық.

 

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки