Тағдыр, жазу

1. Түйе жүктен қашып құтылмас,

2. Ат арбадан қашып құтылмас.

3. Ажалды киік ашыққа қашады.

4. Ажалды қарға бүркітпен ойнар.

5. Көресінді көрмей, көрге кірмейсің.

6. Біреудің ажалы - оттан, біреудің ажалы - судан.

7. Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.

8. Соңғы түйенің жүгі ауыр.

9. Кедей болар жігітке ажалды мал тап болар.

10. Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.

11. Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.

12. Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.

13. Айдалаға атқан оқ, ажалдыға тиеді.

14. Кеменің арбаға мінетін,
          Арбаның кемеге мінетін кездері болады.

15. Түйменің инесіз күні жоқ.

16. Иттің жатқан жері - төсегі.

17. ¥йқы арыстанды да жығады.

18. Дұшпан не демейді, түске не кірмейді.

Қазақ

Метко сказано: