Пословицы и поговорки

Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық

1. Ел бірлігі - ел теңдігі.

2. Бірлік болмай тірлік болмас.

3. Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.

4. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

5. Бірлікті ел бұзылмас.

6. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

7. Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

8. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
           ¥йым жоқ болса, күйің жоқ.

9. Сырттан келген жаудан да іштен шыққан дау жаман.

10. Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем түсер.

11. Ауылдың иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.

Қазақ

Той, думай, қуаныш

1. Тойдың болғанынан боладысы қызық.

2. Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар.

3. Қой жүрген жер - береке, қыз жүрген жер - мереке.

4. Мысық та жолбарысша қуанады.

5. Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

6. Өлең өмірді ұзартады.

7. Өлең - сөздің патшасы.

8. Өлең - көңілдің ажары.

9. Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.

10. Ақын мен әнші - адамзаттың бұлбұлы.

11. Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар.

12. Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.

Қазақ

Тәкаппарлық, мақтаншақтық, менменсушілік

1. Өз елінде шекпен пішпеген,
            Кісі елінде мақпал пішеді.

2. Иттің ұлығанын бөрі естімес.

3. Ит құтырса, иесін қабар,
           Шымшық құтырса, бүркітке шабар.

4. Қадір білмейтінге қадіріңді кетірме.

5. Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге.

6. Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті,
           Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты.

7. Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
           Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.

Қазақ

Қайырымдылық, қайырымсыздық

1. Жақсыға қылған жақсылық,
          Өмірінде тозбайды,
          Жаманға қылған жақсылық,
          Бір күнгідей болмайды.

2. Құдықтан су ішкен, қазғанға рақмет айтады,
          Ағашты көлеңкелеген, еккенге рақмет айтады.

3. Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

4. Жауызға айтқан жылы сөз - суға жазған сертпен тең.

5. Сиыр сипағанды білмейді,
          Жаман сыйлағанды білмейді.

Қазақ

Халық туралы

1. Өзін-өзі білген ер бақытты,
            Өзін-өзі билеген ел бақытты.

2. Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке.

3. Айна айна емес, халық айна.

4. Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды.

5. Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу.

6. Көппен көрген ұлы той.

7. Халық қатесіз сыншы.

8. Халық - дана.

9. Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

10. Көптің қолы көкке жетеді.

11. Көптен қулық артылмас.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки