Пословицы и поговорки

Маңыз, түр, көрініс

1. Сақал текеде де бар.

2. Кілемге бергісіз алаша бар,
          Ханға бергісіз қараша бар.

3. Таныған жерде бой сыйлы,
          Танымаған жерде тон сыйлы.

4. Бетім жаман болса да, ниетім жақсы.

5. Арзан алдайды.

6. Сұлуынан жылуы.

7. Ит те киімге қарап үреді.

8. Сабы алтын болса да, көсеудің көсеу аты қалмайды.

9. Ер-тұрманы алтын болса да,
          Есектің есек аты қалмайды.

10. Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ,
          Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.

Қазақ

Ар, намыс, ұят

1. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.

3. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.

4. Ақылың болса арыңды сақта:
          Ар-ұят керек әр уақытта.

5. Ел намысы - ер намысы.

6. Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.

7. Өлімнен ұят күшті.

8. Мал сақтама, ар сақта.

9. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

10. Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.

11. Ашу - ақылдың дұшпаны,
          Нәпсі - иманның дұшпаны.

12. Атты қамшы айдайды, ерді намыс айдайды.

Қазақ

Сөз, сөйлеу

1. Алмас қылыш майданда серік,
          Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

2. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

3. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

4. Тіл - көңілдің кілті.

5. Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды.

6. Жанған от тәнді жылытады,
          Жақсы сөз жанды жылытады.

7. Жауынмен жер көгереді, батамен ер көгереді.

8. Бастың көркі - жүз, жүздің көркі - көз.
          Ауыз көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.

9. Батырды шешен аттан түсіріпті.

Қазақ

Өзімдікі, біреудікі

1. Әркім өз бойына қарап тон пішер.

2. Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды,
         Бұршақ жауса, басын қорғайды.

3. Әркім қолындағысын теке атайды.

4. Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар.
          Кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар.

5. Кісідегінің кілті аспанда.

6. Шөмелені шөбім бар деме,
          Несиені малым бар деме.

7. Әркім өз мұңын айтады.

8. Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды.

9. Білек бір болса да бармақ басқа.

Қазақ

Жастық, кәрілік

1. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай-құнаннан.

2. Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.

3. Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.

4. Сексен - жермен-жексен.

5. Көп жасаған құрдасынан айырылады.

6. Жүре берсең, көре берерсің,
          Көре берсең, көне берерсің.

7. Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

8. Шөп те басынан қурайды.

9. Ат қартайса, ұрыншақ болады,
          Ер қартайса, жаңылшақ болады.

10. Ат тұяғын тай басар.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки