Маңыз, түр, көрініс

1. Сақал текеде де бар.

2. Кілемге бергісіз алаша бар,
          Ханға бергісіз қараша бар.

3. Таныған жерде бой сыйлы,
          Танымаған жерде тон сыйлы.

4. Бетім жаман болса да, ниетім жақсы.

5. Арзан алдайды.

6. Сұлуынан жылуы.

7. Ит те киімге қарап үреді.

8. Сабы алтын болса да, көсеудің көсеу аты қалмайды.

9. Ер-тұрманы алтын болса да,
          Есектің есек аты қалмайды.

10. Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ,
          Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.

11. Алыс жүрсең де жолмен жүр.

12. Арзанның жілігі татымас.

13. Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.

14. Күміс азса, күл болады.

15. Жаман иттің атын Бөрібасар қояды.

16. Тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу.

17. Жаулық кигеннің бәрі қатын емес,
          Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.

18. Иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас.

19. Аттың бәрі тұлпар болмас,
          Құстың бәрі сұңқар болмас.

20. Түсі игіден түңілме.

21. Қазаннан қара нәрсе жоқ, ассаң қарын тойдырар,
          Қардан аппақ нәрсе жоқ, ұстасаң қолыңды тоңдырар.

22. Пышағыңның күмісіне қарап өтпесіне болайын.

23. Әсіре қызыл тез оңар.

24. Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Қазақ

Метко сказано: