Сөз, сөйлеу

1. Алмас қылыш майданда серік,
          Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

2. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

3. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

4. Тіл - көңілдің кілті.

5. Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды.

6. Жанған от тәнді жылытады,
          Жақсы сөз жанды жылытады.

7. Жауынмен жер көгереді, батамен ер көгереді.

8. Бастың көркі - жүз, жүздің көркі - көз.
          Ауыз көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.

9. Батырды шешен аттан түсіріпті.

10. Айтылған сөз - атылған оқ.

11. Тіс - тілдің қамалы.

12. Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті.

13. Басқа пәле - тілден.

14. Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.

15. Қиыстырып қаласаң отың жанар,
          Қиыстырып айтсаң халық нанар.

16. Ми ойлағанды тіл тындырады.

17. Сөз - сабан, іс – дән.

18. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.

19. Жыланның уы - тісінде, адамның уы - тілінде.

20. Артық сөйле, кем сөйле, таразылап тең сөйле.

21. Ұзын шапан аяғыңа оралады,
          ¥зын тіл мойыныңа оралады.

22. Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.

23. Өнер алды - қызыл тіл.

24. Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.

25. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.

26. Жақсы сөз - жарым ырыс.

27. Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар.

28. Құлаққа кірген суық сөз - көңліңе барып мұз болар.;

29. Жаман сөз - жанға кірген тікен.

30. Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
          Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.

31. Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

32. Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

33. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
          Тілімнен сүріндірме.

34. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

35. Шешілмеген шиені тырнақ шешпес, тіл шешер.

36. Пышақтың өткірі жақсы, сөздің қысқасы жақсы.

37. Орынсыз сөз - өзіңе тиер.

38. Сөзің қысқа болсын, қолың ұста болсын.

39. Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.

40. Оттың шаласы жаман, сөздің аласы жаман.

41. Аузың айтқанды қолмен істе.

42. Өткен күн оралмас, құнды сөз жоғалмас.

43. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

44. Сойылдың жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.

45. Оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады.

46. Сұрай-сұрай Меккені де табады.

47. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

48. Тіл ерді қабырға салады, нарды қазанға салады.

49. Қаһарлы сөз қамал бұзар.

50. Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді.

51. Сөз шынды табар.

52. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

53. Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады.

54. Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал.

55. Жылы киім тәнді жылытар,
          Жылы сөз жанды жылытар.

56. Қарағым деген жылы сөз -
          Тон болып тәнді жылытпаса да, жанды жылытады.

57. Тіл буынсыз, ой түпсіз.

58. Жаманның берген асынан жақсының айтқан сөзі артық

59. Жақсының сөзі - жырмен тең.

60. Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер:
          Сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.

61. Көзі жаманның - сөзі жаман.

62. Тауып сөйлесең - күміссің, таппай сөйлесең - мыссың.

63. Жүйелі сөз - жүйесін табар, жүйесіз сөз - иесін табар.

64. Жақсы сөз - жан азығы.

65. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

66. Жақсы адам елдің ырысы, жақсы сөз жанның тынысы.

67. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

68. Бұралқы сөз - күлуге жақсы.

69. Жер астында жатқанды, қазбай қарап тіл табар.

70. Піл көтермегенді тіл көтереді.

71. Тілмен тікен де алады.

72. Сөзбен сөзді жуады, сабынмен бөзді жуады.

73. Киім кірі жуса кетеді, көңіл кірі айтса кетеді.

74. Қышыған жерден қол кетпес,
          Қышытқы жерден сөз кетпес.

75. Жыланның тілі айыр,
          Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

76. Жаным десе, жан семіреді.

77. Жаман сөз - жанға кірген тікен,
          Жақсы сөз - таптырмайтын ем.

78. Ең тәтті де - тіл, ең ащы да - тіл.
          Ең жұмсақ та - тіл, ең қатты да - тіл.

79. Тіл - тиексіз.

80. Ауыр істің салмағы білекке түсер,
          Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.

81. Сөз ұзаған сайын ой тереңдей бермейді.

Қазақ

Метко сказано: