Пословицы и поговорки

Үнемшілдік, үнемсіздік

1. Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.                                                                         

2. Есепсіз дүние жоқ.

3. Саумал ішсең қымыз жоқ,
         Байтал мінсең құлын жоқ.

4. Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың.

5. Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

6. Алтын тапсаң, санап ал.

7. Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.

8. Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның.

9. Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

10. Тамшыдан тама берсе, дария болар.

Қазақ

Жалқаулық, еріншектік

1. Жалқаудың соры - байлығы.

2. Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың.

3. Ер тынысы - еңбек, ез тынысы - ермек.

4. Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.

5. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

6. Саудың асын ішіп, аурудың ісін істейді.

7. Жақсы мұраптың соңынан су ереді,
         Жаман мұраптың соңынан шу ереді.

8. Егінді жабайы шөп аздырар,
          Ерді еріншектік аздырар.

9. Ермек қуған бәлеге жолығады,
          Еңбек қуған қазынаға жолығады.

Қазақ

Ұрлық

1. Түйені түгімен, атты жүгімен.

2. ¥рлық, ұрлық түбі - қорлық.

3. Түйе ұрлаған да - ұры, түйме ұрлаған да - ұры.

4. ¥рыны қарақшы ұрады.

5. ¥ры - қасық, ел - теңіз.

6. Ұрының қатыны өзіне лайық.

7. ¥ры жете алмайтын жаяудікін алады,
           Сұрай алмайтын таяудікін алады.

8. Бөрі көмеді, түлкі ашады.

9. Бөрі азығы мен ұры азығы жолында.

10. ¥ры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.

11. ¥ры өле-өлгенше ақпын дейді.

Қазақ

Әзіл - қалжың

1. Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

2. Екі тентек елге сыймас.

3. Бір теңге беріп жырлатып,
           Мың теңге беріп қойдыра алмай.

4. Шоқығыш қоразға шыр бітпес.

5. Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.

6. Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

7. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың.

8. Ойыннан от шығар.

9. Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.

10. Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.

11. Тентекке тіл жаңғырық.

12. Ойнаған бота от басар.

Қазақ

Сақтық, ұқыптылық, бейқамдық

1. Сақ жүрсең, сау жүресің.

2. Құдайдан қорықпа, құдайдан қорықпағаннан қорық.

3. Жаман көзден, жалған сөзден сақтан.

4. Тыстағы мың жаудан, үйдегі бір жау жаман.

5. Қайғысыз қара суға семіреді.

6. Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.

7. Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.

8. Көп ойласаң - дана боласың,
         Көп ойнасаң - бала боласың.

9. Көсеу ұзын болса, қол күймес.

10. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

11. Жауың тышқан болса, арыстан деп қара.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки