Сақтық, ұқыптылық, бейқамдық

1. Сақ жүрсең, сау жүресің.

2. Құдайдан қорықпа, құдайдан қорықпағаннан қорық.

3. Жаман көзден, жалған сөзден сақтан.

4. Тыстағы мың жаудан, үйдегі бір жау жаман.

5. Қайғысыз қара суға семіреді.

6. Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.

7. Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.

8. Көп ойласаң - дана боласың,
         Көп ойнасаң - бала боласың.

9. Көсеу ұзын болса, қол күймес.

10. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

11. Жауың тышқан болса, арыстан деп қара.

12. Қамданған қапы қалмайды.

13. Адам сөзінен жазады, сиыр мүйізінен жазады.

14. Аузы күйген үрлеп ішер.

15. Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді.

16. Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа тиер.

17. Жер екеш жердің де құлағы бар.

18. Қазанға тиме - қарасы жұғар,
         Балаға тиме - бәлесі жұғар.

19. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

20. Құлайын деп тұрған үйге сүйенбе.

21. Сақтықты сұңқардан үйрен.

22. Жаздың қамын қыс ойла, бір ойлама, үш ойла.

23. Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.

24. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жол азық ал.

25. Ер жаңылып қолға түсер, құс жаңылып торға түсер.

26. Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман.

27. Жатқан жыланның құйрығын баспа.

28. Сумен ойнама - батарсың, отпен ойнама - күйерсің.

29. Досыңмен көп сөйлеспе - жолынан қалар,
         Дұшпаныңмен көп сөйлеспе - сырыңды алар.

30. Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.

31. Сапарға шықпас бұрын серігіңді дайында,
         Үй салмас бұрын көршіңді ойла.

32. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе.

33. Дос деп сынамай сырыңды айтпа,
         Достың да досы бар.

34. Қаңтарда қалпақ киім болмайды.

35. Жау жоқ деме - жар астында,
         Бөрі жоқ деме - бөрік астында.

36. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес,
         Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.

37. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.

38. От пен су - тілсіз жау.

39. Кетемін деп отыныңды тауыспа.

40. Кекеш алыстан сайрамаса,
         Үйіне жеткенде даусы шықпайды.

41. Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтасын.

42. Өзі саққа құдай жақ.

43. Алыстағы дұшпаннан қасыңдағы қас жаман.

44. Сыбырлағанды құдай естімей ме екен.

45. Тамақ тоқ, көйлек көк.

Қазақ

Метко сказано: