Пословицы и поговорки

Шешендік, боссөзділік, мылжыңдық

1. Сөздің көркі - мақал, жүздін көркі - сақал.

2. Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.

3. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

4. Көп сөз - күміс, аз сөз — алтын.

5. Көп сөз - есекке жүк.

6. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.

7. Шешендік күші - шындық.

8. Тұз астың дәмін келтіреді,
           Мақал сөздің дәмін келтіреді.

9. Сөзшеңді үндемеген жеңеді.

10. Мылжың үндемесе басы ауырады.

11. Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар.

12. Аз сөйлесең де саз сөйле.

Қазақ

Білім, білім алу

1. Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет.

2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

3. Білімдіге дүние жарық,
           Білімсіздің күні кәріп.

4. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
           құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.

5. Өмір - үлкен мектеп.

6. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

7. Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

8. Жер - ырыстың кіндігі, білім - ырыстың тізгіні.

9. Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

10. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
           Білім - жанып тұрған шырақ.

Қазақ

Өмір мен өлім, денсаулық пен ауру туралы

1. Денсаулық - зор байлық.

2. Жарлының байлығы - денінің саулығы.

3. Ауру атанды да шөктірер.

4. Ауру кірді - әлек кірді.

5. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.

6. Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.

7. Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.

8. Ауруын жасырған өледі.

9. Батыр бір оқтық, бай бір жұттық.

10. Ағын судың арамдығы жоқ.

11. Бас ауырса жан қорқады.

12. Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде.

Қазақ

Пайда, олжа, шығын

1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

2. Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.

3. Ат аунаған жерде түк қалар.

4. Алдамасаң - базар жоқ.

5. Байдан пайда құтылмас.

6. Жамау тапқан жарлы болмас.

7. Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

8. Қайырсыз пайдадан - қайырлы залал.

9. Оңай олжа оңалтпас.

10. Артық олжа - басқа еңбек.

11. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

12. Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

13. Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Қазақ

Дін туралы

1. Құдай өзі бермейді,
           Біреудікін біреуге ауыстырып береді.

2. Күштіде тәңірі жоқ.

3. Қарға көргенін шоқиды, молда білгенін оқиды.

4. Өлеңді жерде өгіз семіреді,
           Өлімді жерде молда семіреді.

5. Аңқау елге - арамза молда.

6. Қожа берсе, қойныңа тық.

7. Ақ сәлделі қожадан, ақ жаулықты қатын артық.

8. Молда "бер" деген сөзді білмейді,
           "Ал" деген сөзді біледі.

9. Молдаларға мал қайғы, момындарға жан қайғы.

10. Надан молда намазқой.

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Пословицы и поговорки