Пайда, олжа, шығын

1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

2. Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.

3. Ат аунаған жерде түк қалар.

4. Алдамасаң - базар жоқ.

5. Байдан пайда құтылмас.

6. Жамау тапқан жарлы болмас.

7. Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

8. Қайырсыз пайдадан - қайырлы залал.

9. Оңай олжа оңалтпас.

10. Артық олжа - басқа еңбек.

11. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

12. Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

13. Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

14. Бүлінген ауылдан бүлдіргі алма.

15. Керек тастың ауырлығы жоқ.

16. Шығасы шықпай кіресі кірмейді.

17. Бір жоқ бір жоқты табады.

18. Саудада достық жоқ.

19. Өлген сиыр сүтті болады.

20. Жоғалған пышақтың сабы алтын.

21. Ескі жұрттың қадірі көшкенде білінер,
           Ер жігіттің қадірі өлгенде білінер.

22. Оңай олжа тұрмас қолға.

23. Желмен келген желмен кетеді.

24. Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

25. Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

26. Алтын базарында бағалы.

27. Алдың - ұттың, саттың - жұттың.

28. Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.

29. Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

30. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр.

31. Шығасыға иесі басшы.

32. Ит төлеуі бір күшік.

33. Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс.
           Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын.

34. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

35. Жаужұмыр жақсы болса, итке тастар ма еді.

36. Бал ұстаған бармағын жалайды.

37. Бақа сисе көлге сеп.

38. Өлсең көрің кең болсын.

Қазақ

Метко сказано: