Білім, білім алу

1. Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет.

2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

3. Білімдіге дүние жарық,
           Білімсіздің күні кәріп.

4. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
           құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.

5. Өмір - үлкен мектеп.

6. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

7. Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

8. Жер - ырыстың кіндігі, білім - ырыстың тізгіні.

9. Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

10. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
           Білім - жанып тұрған шырақ.

11. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
           ¥ста өлсе, істеген заты қалар.

12. Кітап - алтын қазына.

13. Естімеген ел де көп.

14. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

15. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

16. Өзі білмегеннің аузына қарама.

17. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

18. Ат сүрінбей жер танымас, ер сүрінбей ел танымас.

19. Көргенсіз дегенге кек түтпа,
           Көргеніңнен көрмегенің көп.

20. Ғылым - теңіз, білім - қайық.

21. Алтын алма, білім ал.

22. Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.

23. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
           Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

24. Аттан тай озады, атадан бала озады.

25. Ұстаздан шәкірт озар.

26. Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

27. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

28. Күш - білімде, білім - кітапта.

29. Білекті бірді, білімді мыңды жығады.

30. Әліппенің ар жағы - білім бағы.

31. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
           Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

32. Шәкіртсіз ұстаз - тұл.

33. Оқу - білім бұлағы, білім - өнер шырағы.

34. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

35. Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы.

36. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

37. Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл.

38. Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

39. Кісінің көркі киім емес - білім.

40. Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

41. Құлақ естігенді көз көрер.

42. Асу бермес асқар жоқ.

43. Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын көл.

44. Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

45. Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды.

46. Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

47. Білім арзан, білу қымбат.

48. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.

49. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
           Егде тартқанда оқыған оқуың -
           Мұзға жазғанмен бірдей.

50. Туа білмейді, жүре біледі.

51. Білім инемен құдық қазғандай.

52. Еңбегі жоқ ғалым - ыстығы жоқ жалын.

53. Алымсыз басқа ақыл жұқпас.

54. ¥стазы жақсының ұстамы жақсы.

Қазақ

Метко сказано: