Дін туралы

1. Құдай өзі бермейді,
           Біреудікін біреуге ауыстырып береді.

2. Күштіде тәңірі жоқ.

3. Қарға көргенін шоқиды, молда білгенін оқиды.

4. Өлеңді жерде өгіз семіреді,
           Өлімді жерде молда семіреді.

5. Аңқау елге - арамза молда.

6. Қожа берсе, қойныңа тық.

7. Ақ сәлделі қожадан, ақ жаулықты қатын артық.

8. Молда "бер" деген сөзді білмейді,
           "Ал" деген сөзді біледі.

9. Молдаларға мал қайғы, момындарға жан қайғы.

10. Надан молда намазқой.

11. Аюға намаз үйреткен таяқ,
           Молдаға намаз үйреткен тамақ.

12. Жаны күйген тәңірісін қарғайды.

13. Молданы мазарда көр, делдалды базарда көр.

14. Молда өзін бір алдайды, өзгені екі алдайды.

15. Сопы сұмнан шығады.

16. Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.

17. Молданың сәлдесі ақ болғанымен ниеті қара.

18. Өлейін деп өліп бара жатқам жоқ, молдадан ұялғанымнан өліп бара жатырмын.

19. Тана пайда бермесе, тәңірі пайда бермейді.

20. Алла бермегенді молда да бермейді.

21. Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.

22. Май - әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие.

23. Екі молда - бір кісі, бір молда - жарты кісі.

24. Аллаға жағайын десең - азаның болсын,
           Қазыға жағайын десең - қазаның болсын.

25. Ала шапанды молда да бір,
           Ала қанатты сауысқан да бір,
           Екеуі де арам ниет:
           Жығылғанның қасында, өлгеннің басында.

26. Қожа-молданы басындағысынан білерсің,
           Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.

27. Көп қайда болса, құдай сонда.

Қазақ

Метко сказано: