Шешендік, боссөзділік, мылжыңдық

1. Сөздің көркі - мақал, жүздін көркі - сақал.

2. Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.

3. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

4. Көп сөз - күміс, аз сөз — алтын.

5. Көп сөз - есекке жүк.

6. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.

7. Шешендік күші - шындық.

8. Тұз астың дәмін келтіреді,
           Мақал сөздің дәмін келтіреді.

9. Сөзшеңді үндемеген жеңеді.

10. Мылжың үндемесе басы ауырады.

11. Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар.

12. Аз сөйлесең де саз сөйле.

13. Аузына келгенді сөйлеу - ақымақтың ісі.
           Алдына келгенін жеу - айуанның ісі.

14. Отқа барған әйелдің - отыз ауыз сөзі бар.

15. Түймедейді түйедей етіп.

16. Құр судан май шықпайды, құр сөзден мән шықпайды.

17. Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады.

18. Көп сөйлесең тақылдақ дер,
           Сөйлемесең ақымақ дер.

19. Дәлдеп атып, жауды өлтір, дәлдеп айтып дауды өлтір.

20. Тілге шешен - іске мешел.

21. Жалғыздық құдайға жарасар.
           Көпсөзділік құранға жарасар.

22. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.

23. Көңілдегі құпияңды - көзің айтып қояды,
           Көп сөйлеген күпілдеп - сырын айтып қояды.

24. Орынды айтылған сөз -
           Орнына қағылған шеге сияқты.

25. Адам тілінен, ат аяғынан азады.

26. Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.

27. Тілде тиек жоқ, ауызда жиек жоқ.

28. Қысыр сөзде қырсық көп.

29. Өсекшінің тілі қышып тұрады.

30. Тіл қылыштан өткір.

31. Ертеңгі сөз түсте жоқ, түстегі сөз кешке жоқ.

32. "Көрдім" деген көп сөз,
           "Көрмедім" деген бір-ақ сөз.

33. Сөз қуғанға пәле жолығады, жол қуғанға қазына жолығады.

34. Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.

35. Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.

36. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

37. Ауыз - дарбаза, сөз - самал, құдай ұрғанға не амал.

38. Тілменен тікен тартып болмайды.

39. Жақсы адам тауып айтады,
           Жаман адам итше қауып айтады.

40. Мал басынан байланады, адам тілінен байланады.

41. ¥ялмас бетке талмас жақ береді.

42. Айтуға оңай, істеуге қиын.

43. Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Қазақ

Метко сказано: