Той, думай, қуаныш

1. Тойдың болғанынан боладысы қызық.

2. Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар.

3. Қой жүрген жер - береке, қыз жүрген жер - мереке.

4. Мысық та жолбарысша қуанады.

5. Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

6. Өлең өмірді ұзартады.

7. Өлең - сөздің патшасы.

8. Өлең - көңілдің ажары.

9. Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.

10. Ақын мен әнші - адамзаттың бұлбұлы.

11. Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар.

12. Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.

13. Берекесіздің ауылы мерекесіз.

14. Өлең - алтын, сөз - күміс.

15. Шақырусыз тойға барғанша, таяқ ал да, қойға бар.

16. Гүлсіз болса - жер мүңды, күлкісіз болса - ел мұңды.

17. Күлкі - ашылған гүл, көңіл - шашылған нұр.

18. Қызды ауылдың иті жатпас.

19. Тойлы ауылды тойлап тоймаған, ойнап тояды.

20. Той десе қу бас домалайды.

21. Той өкпесіз болмас.

Қазақ

Метко сказано: