Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық

1. Ел бірлігі - ел теңдігі.

2. Бірлік болмай тірлік болмас.

3. Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.

4. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

5. Бірлікті ел бұзылмас.

6. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

7. Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

8. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
           ¥йым жоқ болса, күйің жоқ.

9. Сырттан келген жаудан да іштен шыққан дау жаман.

10. Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем түсер.

11. Ауылдың иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.

12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

13. Тобынан айрылған қазды топталған қарға алады.

14. Кең киім тозбайды, кеңесші ел азбайды.

15. Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.

16. Ырыс алды - ынтымақ.

17. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

18. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
           Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

19. Кемедегінің жаны бір.

20. Теңге тиыннан, ынтымақ - ұйымнан.

21. Байлық - байлық емес, бірлік - байлық.

22. Қол жұмылмай - жылынбайды.

23. Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас.

24. Ынтымақ болмай іс оңбас.

25. Топтанып ұшқан торғайға тұрымтай да бата алмас.

26. Үйдің басын қатын қосар, елдің басын батыр қосар.

27. Көп дауыс қосылса, бір дауысты жоқ қылады.

28. Біріккен - батыр.

29. Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

Қазақ

Метко сказано: