Халық туралы

1. Өзін-өзі білген ер бақытты,
            Өзін-өзі билеген ел бақытты.

2. Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке.

3. Айна айна емес, халық айна.

4. Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды.

5. Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу.

6. Көппен көрген ұлы той.

7. Халық қатесіз сыншы.

8. Халық - дана.

9. Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

10. Көптің қолы көкке жетеді.

11. Көптен қулық артылмас.

12. Ел артындағы шаң жұтады,
           Ел алдындағы май жұтады.

13. Елге дұшпан жерге сыймас,
           Жерге дұшпан елге сыймас.

14. Жер шежіресі - ел шежіресі.

15. Халық қаһары қамал бұзар.

16. Көп тепкен жерден көл шығады.

17. Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады.

18. Тай тулап үйірінен шықпас.

19. Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.

20. Елден безген көмусіз қалар.

21. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

22. Халық сүймес, халық сүйген -
           суға батпас, отқа күймес.

23. Атыңнан айырылсаң да,
           Ер-тоқымыңнан айырылма.
           Қатыныңнан айырылсаң да,
           Қазан-ошағыңнан айырылма.
           Қазан-ошағыңнан айырылсаң да,
           Халқыңнан айырылма.

24. Қасықпен көлді құрта алмайсың,
           Қастықпен елді құрта алмайсың.

25. Атаңның баласы болма,
           Адамның баласы бол.

26. Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың,
           Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.

27. Көптен бақыт құтылмас.

28. Елде түлкі аштан өлмес.

29. Көп күлкісі күннен де жылы.

30. Елді сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.

31. Елдің көзі - елу.

32. Ел құлағы - елу.

33. Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.

34. Кеңесті елде кек болмас.

35. Көпті сөккен көгермес.

36. Көп іздеген көмбе үстінен шығады.

37. Көптің қолы ұзын.

38. Көл толқыса - жар құлайды,
           Көп толқыса - хан құлайды.

39. Халық айтпайды,
           Халық айтса, қалт айтпайды.

40. Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.

41. Аздың азаншысы болғанша,
           Көптің қазаншысы бол.

42. Халық аузына қақпақ қойып болмас.

43. Құдайға жазсаң жаз, көпке жазба.

44. Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.

45. Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.

46. Көпке тентек - құдайға шет.

47. Көптен қоян құтылмас.

48. Көп түкірсе көл болады.

49. Ел аузына елек қойып болмас.

50. Көптік қайда болса, тоқтық сонда болады.

51. Көптің көзі көреген, қолы береген.

52. Көп алғысы көгертер.

53. Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың.

54. Халықтың құшағы кең.

55. Елдің күші - селдің күші.

Қазақ

Метко сказано: