Қайырымдылық, қайырымсыздық

1. Жақсыға қылған жақсылық,
          Өмірінде тозбайды,
          Жаманға қылған жақсылық,
          Бір күнгідей болмайды.

2. Құдықтан су ішкен, қазғанға рақмет айтады,
          Ағашты көлеңкелеген, еккенге рақмет айтады.

3. Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

4. Жауызға айтқан жылы сөз - суға жазған сертпен тең.

5. Сиыр сипағанды білмейді,
          Жаман сыйлағанды білмейді.

6. Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.

7. Қадіріңді білмеске, қадамыңды көтерме.

8. Су ішкен құдығыңа түкірме.

9. Күш атасын танымас.

10. Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.

11. Итті күшігім десең, аузыңды жалайды.

12. Таршылықты көрмесең, кемшілікті білмессің.

13. Өзі болған қыз төркінін танымайды.

14. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді.

15. Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.

16. Саңырауға сәлем берсең, „атаңның" басы дер.

17. Ит иесіне үрмес.

18. Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.

19. Арық малды асырасаң,
          Аузы-мұрның май болады.
          Жаман адамды асырасаң,
          Аузы-мұрның қан болады.

20. Иттің ішіне сары май жақпас.

Қазақ

Метко сказано: