Қонақ, қонақжайлылық

1. Қонақ келсе, құт келер.

2. Қонақ қойдан да жуас, май берсең де жей береді.

3. Қонақ аз отырып, көп сынайды.

4. Қонағым, жүре-бара тоярсың.

5. Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

6. Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.

7. Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

8. Құтты қонаққа - тәтті тамақ.

9. Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді.
             Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.

10. Қонағын сыйламаған баласын ұрады,
             Не үйін сыпырады.

11. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

12. Атың барда жер таны, асың барда ел таны.

13. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.

14. Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың.

15. Қонағын сыйласа, төрге шық дейді.

16. Жолаушының азығы жолында.

17. Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.

18. Алдына ас қойдым, екі колын бос қойдым.

19. Сыпайының итіне кет дегенің - өзіне кет дегенің.

20. Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.

21. Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

22. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ.

23. Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

24. Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

25. Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

26. Тоқ қонақты сыйлау оңай.

27. Жаман үйдің қонағы билейді.

28. Жолаушыны сусындатпай тұрып бұйымтайын сұрама.

29. От жағылмаған үй - қора, кісі келмеген үй - мола.

30. Екі үйдің қонағы емексіп жүріп аш қалар.

31. Құс жеткен жеріне қонар, қонақ қалаған үйіне қонар.

32. Келгенше қонақ ұялар, келген соң үй иесі ұялар.

33. Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.

34. Сойса қозы өледі, соймаса өзі өледі.

35. Қонағым, сен ет деме, мен кет демеймін.

36. Итті қонақ жараспас.

37. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

38. Сыйларға асың болмаса, сыйларға тілің болсын.

39. Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
             Мылжың қонақ миыңды жейді.

40. Үй-іші толған жансың, бір-біріңе мейман жансың.

41. Би болмасаң да, би түсетін үй бол.

Қазақ

Метко сказано: