Бақыт, бақытсыздық, күнә

1. Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.

2. Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.

3. Бұлт қайда қонса, береке сонда шөгеді.

4. Жұт жеті ағайынды.

5. Құлан құдыққа құласа,
           Құлағында құрбақа ойнайды.

6. Бір қазаға екі жаза жоқ.

7. Әкесі өлгенді де естіртеді.

8. Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.

9. Қойға қасқыр шапқанда, ит семірер.

10. Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

11. Жамандық аяқ астында.

12. Отырса - опақ, тұрса - сопақ.

13. Жаманшылық пен жақсылық егіз.

14. Жамандық жасырылмас.

15. Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.

16. Итті иесімен қина.

17. Қырсыққанда қымыран іриді.

18. Қырықтың бірі қыдыр.

19. Жетім қозы сүтке тоймас.

20. Айтқанда ауыз жаман, жылағанда көз жаман.

21. Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.

22. Жолы болар жігіттің, желі оңынан тұрады.

23. Бақ қонатын адамның,
           ¥лы епті, қызы көрікті болады.

24. Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады.

25. Таудай талап бергенше - бармақтай бақ берсін.

26. Аңшының кешіккенінен сүйін.

27. Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.

28. Сау басына сақина тілеп.

29. Таршылық болмай кеңшілік болмайды.

30. Батар күннің атар таңы бар.

31. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр.

32. Жетім қозы түртіншек.

33. Әр кәллада бір қиял.

34. Бұл дүниенің құсасы, ол дүниеге кетпейді.

35. Өз мінін білген өзгеге төрелік береді.

36. Күріштің арқасында күрмек су ішер.

37. Қайғыны қайратты жеңеді.

38. Басыңа бақ қонғанда, елден асқан данасың.
           Басыңнан бақ тайғанда, қалыбыңа барарсың.

39. Жетім қыздың тойындай.

40. Қас жақсының белгісі, қайғысын жұртқа білгізбес

41. Қаралы көңіл - жаралы.

42. Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан.

43. Ақсақ түйенің аузына жел айдаған қаңбақ түсер.

44. Олай тартсаң - өгіз өледі,
           Бұлай тартсаң - арба сынады.

45. Аспаннан іздегенім аяғымның астынан шықты.

46. Жапалақты тасқа ұрсаң да, жапалақ өледі.
           Таспен жапалақты үрсаң да, жапалақ өледі.

47. Байтал түгіл бас қайғы.

48. Сұмырай келсе су құрыр.

49. Жерге түскен жетімдікі.

50. Ел қонысынан айырылса, ер ырысынан айырылады.

51. Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

52. Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.

53. Құдай бергенге құлай береді.

54. Дүние - кезек.

55. Өлмегенге өлі қоян кездеседі.

56. Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.

57. Бір күн қарны ашқаннан, қырық күн ақыл сұрама.

58. Жаман айтпай, жақсы жоқ.

59. Өлетін бала молаға қарай қашады.

60. Бақыт дейсің бе? Адам екеніңнің өзі - бақыт.

Қазақ

Метко сказано: