Солтүстiк Қазақстан
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң „Қызылжар-Ақпарат“ ЖШС-і 2012 жылғы 27 наурызда құрылды.
«Солтүстiк Қазақстан» 1920 жылғы 22 ақпаннан бастап, қазақ тiлінде шығып келе жатқан жалғыз облыстық газет болып табылады. Оның 2014 жылдың 1 қаңтарындағы таралымы 10700 дананы құрады. Газет аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндерi шығарылып, Қызылжар өңірінің барлық елдi мекендерiне таратылады.
«Солтүстiк Қазақстан» газетi мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде ресми басылым болып саналады. Газет беттерiнде өңiрдiң санқырлы өмiрi жан-жақты жазылып, облыстың билiк органдарының маңызды құжаттары жарияланады.
Құрметпен, «Қызылжар – Ақпарат» ЖШС директоры Кәрiбай Мұсырман.
Область:
- 10021 reads